Аққулы аудандық мәслихатының
«2026 жылы Аққулы ауданының ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсын туралы шешім жобасына
Баспасөз-релизі
«Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ әзірлеуші орган ретінде Аққулы ауданындық мәслихатының «2026 жылы Аққулы ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешім жобасы әзірленді (бұдан әрі – шешім жобасы). Шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) негізінде әзірленді.
Көрсетілген шешім жобасының мақсаты 2026 жылы Аққулы ауданының ауылдық елді-мекендеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне кешен салалары бойынша жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға жүз мәрте айлық еселенген көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада болып табылады;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада болып табылады.
Шешім жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығынды талап етпейді.
Шешім жобасын қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға апармайды.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде (27.11.2025 ж.-дан 12.12.2025 ж. аралығында) жарияланған.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15708114