Ауданның ауылдық елді-мекендерінде санитарлық тазалау мен
көріктендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Ақпарат
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап ауданның ауылдық елді-мекендерінде санитарлық тазалау мен көріктендіру бойынша айлықтар өткізілді.
Аққулы ауданының елді-мекендерінде санитарлық тазалау мен көріктендіру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау үшін мониторинг тобы құрылды. Комиссия құрамында аудандық мәслихат депутаты, жергілікті атқарушы орган басшылары мен қоғам белсенділігі бар.
Ауданның ауылдық елді-мекендерін санитарлық тазалау мен көріктендіру айлығының барысында жұмыстарға барлығы 65 техника бірлігі қатыстырылды.
Бүгінгі күні келесі жұмыс түрлері атқарылды.
- ағаштар мен түптер отырғызу – 2600 дана;
-ағаштарды кесу мен ақтау – 3 500 дана;
-гүлзар мен гүлдер отырғызу – 3 300 шаршы метр;
- ескерткіштерді жөндеу – 30 бірлік және оларға қатысты аймақты жинау – 40 000 шарш ы метр;
-елді мекендердің шағын және орташа бизнес объектілері мен оларға қатысты аймақтар және үй ішілік аймақтарды санитарлық тазалау– 60 000 шаршы метр;
-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды белгілі бір аймақтарға шығару– 2 050 тонна.
Қазантай, Шоқтал, Төсағаш және Жабағылы ауылдарынан басқа барлық ауылдық елд-і мекенде жырту мен үйіп жинау жұмыстары атқарылды.
Ауданның елді-мекендерін санитарлық тазалау мен көріктендіру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.