Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 168/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аққулы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 168/40 шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміндегі актінің тіркеу нөмірі № 218804) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026 – 2028 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті тиісінше  1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2026 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3533980 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 715428 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 21748 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 372 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2796432 мың теңге;

2) шығындар – 3520807 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 1347 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 51903 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 53250 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) –  14520 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін  пайдалану) –              -14520 мың теңге.

         2) көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттінде ауылдық округтердің бюджеттеріне 303725 мың теңге сомасында берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:

500 мың теңге - Майқарағай ауылында бейнебақылау орнатуға;

5000 мың теңге – Қарақала ауылдық округі ғимаратында пандус орнатуға;

30800 мың теңге – ауылдық округтердегі көшелерді жарықтандыру жүйелерін ағымдағы жөндеуге: Аққулы а/о 3000 мың теңге, Баймолдин а/о 1000 мың теңге, Қызылағаш а/о 500 мың теңге, Қарақала а/о 2000 мың теңге, Шақа а/о 1000 мың теңге, Майқарағай а/о 9500 мың теңге және Мерғалым ауылында 13800 мың теңге;

18696 мың теңге – ауылдық округтердегі балалар ойын және спорт алаңдарын күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеуге: Аққулы  а/о 2965 мың теңге, Баймолдин а/о 4484 мың теңге, оның ішінде 1000 мың теңге ойын алаңы, Тақыр мен Баймолдин ауылдарында 1742 мың теңгеден футбол алаңдарын орналастыруна, Жамбыл а/о 1500 мың теңге, Қарақала а/о 1500 мың теңге, Қызылағаш а/о 829 мың теңге, Майқарағай а/о 1000 мың теңге, Малыбай а/о 1500 мың теңге, Шақа а/о 1500 мың теңге, Шарбақты а/о 1500 мың теңге, Ямышев а/о 1918 мың теңге.

4515 мың теңге – жолдарды орташа жөндеу бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге: Баймолдин ауылында 1324,0 мың теңге, Тақыр ауылында 1324,0 мың теңге және Тлектес ауылында 1867,0 мың теңге;

2972 мың теңге – Тлектес ауылындағы жолдарды орташа жөндеу бойынша аудандық бюджеттен 4% ҚҚС қоса қаржыландыруға;

86191 мың теңге – жалпы ұзындығы 1,441 шқ Тілектес ауылының Әубәкіров және Сыздықов көшелерінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу;

76320 мың теңге – ұзындығы 1,070 км Баймолдин ауылындағы Въездная көшесін орташа жөндеу;

78731 мың теңге – ұзындығы 1,008 км Тақыр ауылындағы кірме жолды орташа жөндеу.

3) көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аққулы аудандық

мәслихатының төрағасы                                           А. Касымова

Дата публикации
16 апреля 2026