Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 121/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы

«2025-2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы»

№ 121/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы  «2025-2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 121/28 шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміндегі актінің тіркеу нөмірі № 204614) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025 – 2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті тиісінше  1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4732165 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1290379 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9093 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 353 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3432340 мың теңге;

2) шығындар – 4864611 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 8789 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 63077 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 54288 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 141235 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін  пайдалану) –              141235 мың теңге.

         2) көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттінде ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:

894 мың теңге – мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға;

22622 мың теңге – ауылдық округтердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері бойынша сыйлықақы беру үшін жылына екі лауазымдық айлық есеп бойынша төлеуге;

2950 мың теңге – техникалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;

11863 мың теңге – ауылдық округтерде көше жарығын жаңғыртуға, оның ішінде Қазы ауылында 2770 мың теңге, Ямышев ауылында 3870 мың теңге, Жамбыл ауылында 1870 мың теңге,  Жаңатан ауылында 1773 мың теңге және Әйтей ауылында 1580 мың теңге;

12712 мың теңге – ауылдық округтердегі балалар алаңдарын ағымдағы жөндеуге;

11284 мың теңге – Қазы ауылында обелискіні жайластыруға;

4204 мың теңге – жолдарды орташа жөндеу үшін ЖСҚ және мемлекеттік сараптама әзірлеуге, оның ішінде Аққулы ауылына 404 мың теңге, Тлектес ауылына 1000 мың теңге, Қызыл-қоғам ауылына 1500 мың теңге, Шабар ауылына 700 мың теңге, Майқарағай ауылына 600 мың теңге;

515 мың теңге – Майқарағай ауылына кіреберісті орташа жөндеу үшін ведомстволық сараптамасына;

77752 мың теңге – «Айтей ауылына кіреберіс» 0-0,3 шқ 15734 мың теңге,  «Жаңатан ауылына кіреберіс» 0-0,35 шқ 20290 мың теңге, «Жамбыл ауылына кіреберіс» 0-0,43 шқ 18016 мың теңге және «Аққулы ауылы, С.Қалиева, Қадырбаев, Шарапиденов көшелерінің ауылішілік жолдарын орташа жөндеу» 23712 мың теңге;

211237 мың теңге жалпы ұзындығы 4,160 шқ Шарбақты ауылының Ш.Айманов, Молдажанов, Бейбітшілік және Достық көшелерінің кентшілік жолдарын орташа жөндеуге;

1776 мың теңге – жалақы төлеуге, оның ішінде Қызылағаш ауылдық округі 572 мың теңге, Баймолдин ауылдық округі 507 мың теңге, Қарақала ауылдық округі 147 мың теңге, Майқарағай ауылдық округі 150 мың теңге, Шақа ауылдық округі 140 мың теңге, Шарбақты ауылдық округі 130 мың теңге, Ямышев ауылдық округі 130 мың теңге;

2138 мың теңге – іссапар шығындарын төлеуге, оның ішінде Қызылағаш ауылдық округі 385 мың теңге, Баймолдин ауылдық округі 283 мың теңге, Майқарағай ауылдық округі 786 мың теңге, Ямышев ауылдық округі 283 мың теңге, Жамбыл ауылдық округі 401 мың теңге;

1399 мың теңге – Қызылағаш ауылдық округіндегі автокөліктерді ағымдағы жөндеуге 500 мың теңге және Майқарағай ауылдық округі 899 мың теңге;

135 мың теңге – Аққулы ауылдық округі ғимаратының коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге;

700 мың теңге – Аққулы ауылдық округіне ноутбук сатып алуға;

200 мың теңге – Қарақала ауылдық округінің Шабар ауылының көше жарығын жаңғырту үшін жер учаскесін ресімдеуге;

270 мың теңге – ЖЖМ сатып алуға Қарақала ауылдық округі 120 мың теңге және Майқарағай ауылдық округі 150 мың теңге;

8188 мың теңге – бейнекамераларды орнату және жөндеу үшін, оның ішінде Қызылағаш ауылдық округі 276 мың теңге, Майқарағай ауылдық округі 1450 мың теңге, Малыбай ауылдық округі 3776 мың теңге, Ямышев ауылдық округі 686 мың теңге; Баймолдин ауылдық округі 1000 мың теңге және Шақа ауылдық округі 1000 мың теңге;

2938 мың теңге – Шарбақты ауылындағы жолдардың сапасына сараптама жүргізу үшін;

1774 мың теңге – Жамбыл ауылдық округі жолдарының сапасын сараптауға;

385 мың теңге – Қызылқоғам ауылының халық санағына және тақтайшалар дайындауға;

387 мың теңге – Аққулы ауылдық округінің уақытша қызметкерінің еңбегіне ақы төлеуге;

1878 мың теңге – Ямышев ауылдық округінің көше жарығын ағымдағы жөндеуге;

650 мың теңге – Қазы ауылындағы саябақты жарықтандыруға;

3543 мың теңге – көше жарығын тұтынуға Жамбыл ауылдық округі 3043 мың теңге және Қарақала ауылдық округі 500 мың теңге;

1200 мың теңге – Баймолдин ауылдық округінің жолдарын қысқы күтіп ұстауға;

1868 мың теңге – Ямышев ауылын шұңқырлы жөндеуге.

3) көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аққулы аудандық

мәслихатының төрағасы                                               А. Қасымова

 

 

 

Дата публикации
22 октября 2025