Павлодар облысы Аққулы ауданы Баймолдин, Жамбыл, Майқарағай ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және 2 тармағына сәйкес, Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 21 мамырдағы №23/35 қаулысымен Аққулы ауданының Баймолдин, Жамбыл, Майқарағай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 29 маусымға тағайындалды.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.