Павлодар облысы Аққулы ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 21 мамырдағы №22/35 қаулысымен Аққулы ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:1) Баймолдин ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Баймолдин ауылдық округінің шекарасында;2) Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Жамбыл ауылдық округінің шекарасында;3) Майқарағай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Майқарағай ауылдық округінің шекарасында.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы