Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 121/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы

«2025-2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы»

№ 121/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 121/28 шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміндегі актінің тіркеу нөмірі № 204614) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімінің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының                                       6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Аққулы аудандық                                 мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»

2) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025 – 2027 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті тиісінше  1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4364077 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 966401 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 20616 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 353 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3376707 мың теңге;

2) шығындар – 4402946 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 8789 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 59048 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 50259 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 47658 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін  пайдалану) –              47658 мың теңге.

         3) көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттінде ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:

894 мың теңге – мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға;

22622 мың теңге – ауылдық округтердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері бойынша сыйлықақы беру үшін жылына екі лауазымдық айлық есеп бойынша төлеуге;

2950 мың теңге – техникалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;

22109 мың теңге – ауылдық округтерде көше жарығын жаңғыртуға, оның ішінде Қазы ауылында 5482 мың теңге, Ямышев ауылында 8628 мың теңге, Жамбыл ауылында 3548 мың теңге,  Жаңатан ауылында 2302 мың теңге және Әйтей ауылында 2149 мың теңге;

13500 мың теңге – ауылдық округтердегі балалар алаңдарын ағымдағы жөндеуге;

1000 мың теңге – Аққулы ауылында тротуар орнату үшін ЖСҚ әзірлеуге;

11324 мың теңге – Қазы ауылында обелискіні жайластыруға;

2904 мың теңге – жолдарды орташа жөндеу үшін ЖСҚ және мемлекеттік сараптама әзірлеуге, оның ішінде Аққулы ауылына 404 мың теңге, Тлектес ауылына 1000 мың теңге және Қызыл-қоғам ауылына 1500 мың теңге;

80597 мың теңге – «Әйтей ауылына кіреберіс» 0-0,3 шқ 16562 мың теңге, – «Жаңатан ауылына кіреберіс» 0-0,35 шқ 21358 мың теңге, «Жамбыл ауылына кіреберіс» 0-0,43 шқ 18965 мың теңге және «Аққулы ауылы, С.Қалиева, Қадырбаев, Шарапиденов көшелерінің ауылішілік жолдарын орташа жөндеу» 23712 мың теңге;

211237 мың теңге – жалпы ұзындығы 4,160 шқ Шарбақты ауылының Ш.Айманов, Молдажанов, Бейбітшілік және Достық көшелерінің кентшілік жолдарын орташа жөндеуге;

1776 мың теңге – жалақы төлеуге, оның ішінде Қызылағаш ауылдық округі 572 мың теңге, Баймульдин ауылдық округі 507 мың теңге, Қарақала ауылдық округі 147 мың теңге, Майқарағай ауылдық округі 150 мың теңге, Шақа ауылдық округі 140 мың теңге, Шарбақты ауылдық округі 130 мың теңге, Ямышев ауылдық округі 130 мың теңге;

1336 мың теңге – іссапар шығындарын төлеуге, оның ішінде Қызылағаш ауылдық округі 385 мың теңге, Баймульдин ауылдық округі 283 мың теңге, Майқарағай ауылдық округі 385 мың теңге, Ямышев ауылдық округі 283 мың теңге;

500 мың теңге – Қызылағаш ауылдық округіндегі автокөліктерді ағымдағы жөндеуге;

1688 мың теңге – бейнекамераларды орнату және жөндеу үшін, оның ішінде Қызылағаш ауылдық округі 276 мың теңге, Майқарағай ауылдық округі 450 мың теңге, Малыбай ауылдық округі 276 мың теңге, Ямышев ауылдық округі 686 мың теңге;

2938 мың теңге – Шарбақты ауылындағы жолдардың сапасына сараптама жүргізу үшін;

7000 мың теңге – Мерғалым ауылында обелискіні жайластыруға;

4) көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 


Аққулы аудандық

                                                     мәслихатының төрағасы                                               А. Касымова

 

                                                          

                  

 

 

 

Дата публикации
29 апреля 2025