Павлодар облысы Аққулы ауданы Шақа, Шарбақты ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 4 ақпанда сағат 18.00-де Аққулы ауданы Шақа, Шарбақты ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Шақа ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,3 %) – «AMANAT» саяси партиясымен, 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Шарбақты ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,3 %) – «AMANAT» саяси партиясымен, 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 9 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы