Онлайн-платформа пайдаланушыларының мәліметі үшін

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Аққулы ауданы Шақа, Шарбақты ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 4 ақпаннан (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Аққулы ауданы Шақа, Шарбақты ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта tic_pav_ akk@saylau.kz, мекенжайы: Аққулы ауылы, Амангелді көшесі, 57, «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени - сауық орталығы» МҚКК ғимараты) ұсынуға тиіс.

 Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 января 2025