2025 жылғы 2 наурызға белгіленген Павлодар облысы Аққулы ауданы Шақа, Шарбақты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

Аққулы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы «22» қаңтардағы

№ 17/29 қаулысына

қосымша

 

 

2025 жылғы 2 наурызға белгіленген

 Павлодар облысы Аққулы ауданы

Шақа, Шарбақты ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

  1. Аққулы ауданы Шақа, Шарбақты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау.

  Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

  2025 жылғы  22 қаңтар.

                                                                             (113-1-б. 1-т. 1), 2) т., 3-т.)

  1. Сайлау округтерінің тізімін, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей.

2025 жылғы 01 ақпаннан кешіктірмей.

                                                                                                                          (22-б.)

3. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей.

2025 жылғы 01 ақпаннан кешіктірмей.

(13-б. 4-т)

 

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

 

 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей.

2025 жылғы 06 ақпаннан кешіктірмей.

(17-б. 2-т.)

б

     
  1. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жариялау.

Аққулы ауданының әкімі.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде.

2025 жылғы 06 ақпаннан кешіктірмей.

(23-б. 5-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады – 2025 жылғы 23 қаңтарда және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе – 2025 жылғы 04 ақпанда.

                                                                                             (113-3-б. 1,5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

(113-2-б.)

 

  1. 8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап күшіне енеді.

(14-б., 8-1)т., 31-б.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республика-сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде тоқтатылады.

(113-4-бап) 3-т

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауданның паспорт қызметі қызметкерлерін тарта отырып.

Қол қою парақтары аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде өткізіледі.

(113-4-б, 8-т.)

  1. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін).

Кандидатты тіркегенге дейін.

(113-5-б.  2-т.)

 

  1. 2025 жылғы бірінші қаңтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидатты тіркегенге дейін.

 (113-5-б., 3-т.)

 

  1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Мемлекеттік кірістер органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

(113-5-б., 3-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және тиісті куәліктер беру.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2025 жылдың 23 қаңтарда басталып  2025 жылдың 09 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

(113-5-б.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

(113-5-б.,  9-т.)

 

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру.

Жергілікті атқарушы органдар,

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Үгіт басталғанға дейін - 2023 жылғы 09 ақпанға дейін.

(28-б., 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүр

 жүргізу

 

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады 2025 жылғы 09 ақпанда және 2025 жылғы 01 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

 (27-б., 2-т.)

 

     
  1. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін Үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

  Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28-б., 4-т.)

 

 

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.

 

 

Аққулы ауданының әкімі.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, 2025 жылғы  10 ақпанға дейін.

(24-б., 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, 2025 жылғы 14 ақпаннан бастап.

(26-б., 1-т.)

  21. Сайлаушыларды дауыс беру куні, уақыты және орны туралы хабардар ету.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын, 2025 жылғы 20 ақпанға дейін.

(18-б., 5)т., 38-б. 2-т.)

 

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және оған кемінде бір күн қалғанда.

2025 жылғы 27 ақпаннан ерте емес және 01 наурыздан кешіктірмей.

 (37-б. 3-т.)

 

 23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де 2025 жылғы 02 наурызда.

(40-б. 1-т.)

 

 

 

 

24. Дауыс беруді өткізу.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау күні, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімсайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшін  арнайы белгіленген орынға ілу.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

(43-б. 8-т.)

 

 

 

27. Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды ұсыну.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

(113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкімдерін сайлау қорытындыларын анықтау.

 

 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Өткізілген күннен бастап үш күндік мерзімнен кешіктірмей сайлау.

      2025 жылғы 05 наурыздан кешіктірмей.

(113-10-б. 1-т.)

 

29. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялау.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей сайлау.

2025 жылғы 08 наурыздан  кешіктірмей.

(44-б.)

 

30. Аққулы ауданының  Аққулы ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу, тиісті куәлік беру.

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде.

2025 жылғы 08 наурызддан кешіктірмей.

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзімде Конституциямен және әкім мәртебесі бар сайлау туралы Конституциялық заңмен сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін.

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

Дата публикации
22 января 2025