Павлодар облысы Аққулы ауданы Шақа, Шарбақты ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша
сайлау округтерін құру туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №16/29 Қаулысы негізінде Аққулы ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:
Шақа ауылдық округі – Шақа ауылдық округінің шекарасындағы Шақа сайлау округі;
Шарбақты ауылдық округі – Шарбақты ауылдық округінің шекарасындағы Шарбақты сайлау округі.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы