«Аққулы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024 - 2026 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы» № 55/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Аққулы аудандық мәслихат шешімінің жобасы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының1) тармақшасына сәйкесәзірленді.
Шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттің кіріс бөлігі 3587,0 мың теңгеге ұлғайтылды, сондай-ақ бюджетке жоғары тұрған органдардан бұрын бөлінген трансферттердің көлемі ескерілді, бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты қайта бөлінді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынған бюджеттік өтінімдері бойынша қаражат электр энергиясына тарифтің ұлғаюына байланысты Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, Аққулы ауылдарындағы су құбырларын ағымдағы жөндеуге (460 м құбырларды ішінара ауыстыру, 30 бағанды бөлшектеу және орнату, айналымдағы сорғыларды орнату), Ямышево (120 м құбырларды ішінара ауыстыру, ысырмаларды орнату), Қарақала (құбырларды ішінара ауыстыру 188 м, ысырмаларды орнату) 30 000,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, аудандық кітапхана мамандарына еңбекақы төлеуге 9776,0 мың теңге, смета бойынша Қазы мәдениет үйін қатты шатырын ағымдағы жөндеуге (ағымдағы жылғы қаңтардағы дауыл кезінде) 16000,0 мың теңге, жоспардан тыс іс-шараларға (көшедегі жаңа жылдық безендіру 6290,0 мың теңге, 8 наурыздағы концертті ресімдеу 2869,0 мың теңге, 85 жылдығына 3063,0 мың теңге, 85 жылдығына арналған "Дархан өлке Аққулым" аудандық іс-шарасы аудан 1900,0 мың теңге, Тлектес ауылының жолдарына орташа жөндеу ЖСҚ әзірлеуге 500,0 мың теңге.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған (05.09.2024 ж . - 10.09.2024 ж. дейін).
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15192886