Қызылағаш ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына, 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен 2024 жылғы 28 шілдеде сайланған Динара Табылдиновна Калиакпарова Павлодар облысы Аққулы ауданы Қызылағаш ауылдық округі әкімі болып тіркелді.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы