2024 жылғы 28 шілдеде өткен Қызылағаш ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2024 жылғы 28 шілдеде Қызылағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 349 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 265 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10.
Кандидаттардың жалпы саны - 3
Қызылағаш ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Динара Табылдиновна Калиакпарова үшін сайлаушылардың 161 дауысы берілді,
Айгуль Амангельдиновна Ажикенова үшін сайлаушылардың 24 дауысы берілді,
Назиры Қуатқызы Темірбулат үшін сайлаушылардың 17 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 57
Сайлау қорытындысы бойынша Қызылағаш ауылдық округі әкімі болып сайланды: Динара Табылдиновна Калиакпарова, 1977 жылы туған, «Аққулы аудан әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Аққулы ауылында тұрады.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы