Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 113-5-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу сайлау жарнасын төлегеннен кейін жүзеге асырылады.
Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын енгізеді:
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді (ЕТЖ 2024 жылғы 1 қаңтарға – 85 000 теңге);
Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін сайлау жарнасын енгізеді:
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді (ЕТЖ 2024 жылғы 1 қаңтарға – 85 000 теңге).
Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және жергілікті бюджет кірісіне айналдырылады.
Сайлау жарнасын енгізу үшін реквизиттер:
«Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ
Аққулы ауылы, Вс. Иванов көшесі, 92А
БИН 980340000439
ИИК KZ460705031223011002
Аққулы аудандық қазынашылық басқармасы РМУПавлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментіҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
БИК KKMFKZ2A
Кбе 12
КНП 171
Төлем мақсаты – кандидаттың аты-жөні бойынша сайлау жарнасы