Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы
«2023 - 2025 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті туралы»
№ 123/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққулы аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7661117 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 855397 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10821 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3150 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6791749 мың теңге;
2) шығындар – 7983733 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 6655 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 36453 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 43108 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 315961 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 315961 мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттінде ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:
2172 мың теңге – ауылдық округтердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері бойынша сыйақы беру үшін жылына екі лауазымдық айлық бойынша салық төлеуге;
770 мың теңге – Жамбыл ауылдық округінің қызметтік автокөлігін жөндеуге;
1497 мың теңге – Баймолдин ауылдық округі ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеу;
57095 мың теңге – ауылдық округтердің көше жарығын жаңғыртуға;
5938 мың теңге – ауылдық округтердің қоқыс үйіндісіне;
56631 мың теңге – ауылдық округтердің балалар алаңдарын орналастыруға;
499 мың теңге – Аққулы ауылында камералар орнатуға (1 кірме) жолы;
1000 мың теңге – Аққулы ауылында тротуар төсеу бойынша сметалық есепті дайындауға;
249285 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Жамбыл ауылдық округінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;
343 мың теңге – Ямышев ауылдық округінің шұңқырлы жолдарын жөндеуге;
18476 мың теңге – Тілектес ауылының кентішілік жолының 0,3 км орташа жөндеуге;
37632 мың теңге – Тілектес ауылының 0,8 км кіреберіс жолын орташа жөндеуге;
44173 мың теңге – Шақа ауылының кентішілік жолдарын орташа жөндеуге;
2172 мың теңге – ауылдық округтердің кіреберіс жолдарын орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;
580 мың теңге – Ямышев ауылдық округінің жол белгілеріне;
4162 мың теңге – жолдардың сапасына сараптама жасауға және рәсімдеуге.
3) көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аққулы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Қасымова