2022 жылдың 12 айында «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы ЕСЕБІ
1.Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемелекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің келесі түрін көрсетеді:
2022 жылы Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі 91 өтініш қарастырды.
Ең көп қарастырылған мәселеле: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, спорттық разрядтарын беру.
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміндегі ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсетудің Ережелері орналастырылған, сондай-ақ мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген және мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін пандуспен шақыру түймесі бар.
Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында спорт мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. 2022 жылдың 12 айында 4 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оған 48 адам қатысты.
жетілдіру жөніндегі қызмет
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы есептерді жария талқылау өткізілді.
2022 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ, қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бөлімнің тұрақты бақылауында.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау үшін бөлімде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына қызмет берушілердің, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында «Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есептерді аудандық газет беттерінде және арнайы сайтта жариялау жоспарланған.
2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
спор бөлімінің басшысы Л.Құмарова
Нысан
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардыңшағымдарытуралы
|
Өтініш беруші туралы мәлімет |
Шағымның мазмұны |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарастырған күні |
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
ақпарат