Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 1-03/198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

Аққулы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

  Аққулы ауылы                                     №               2022 жылғы «__»_________

 

Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 1-03/198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 1-03/198 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6972 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

         «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау  және бекіту туралы»;

         көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

         «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін»;

         көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аққулы ауданының әкімі

 

А. Балгабаев

 

 

Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі «Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 1-03/198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
16 ноября 2022