Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 10-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес және түскен өтініштер негізінде Аққулы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аққулы ауданы Малыбай ауылдық округінің әкімін сайлау кезеңінде уақытша №338 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болып тағайындалсын:1. Гульнара Толегеновна Касымканова, 02.05.1970 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, Қазы орта мектебінің математика және физика пәнінің мұғалімі, Қазы ауылында тұрады.2. Хатипа Егинбаевна Байболова, 13.09.1965 жылы туған, қазақ, білімі орта, жұмысшы ИП «Сарсенбаев», Қазы ауылында тұрады.3. Сауле Джагопаровна Кенжебаева, 13.05.1971 жылы туған, қазақ, білімі арнаулы орта, сатушы ИП «Мукин», Қазы ауылында тұрады.
№ 338 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерінің өкілеттік мерзімі 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап 13 наурызға дейін қоса белгіленсін.
Осы қаулы № 338 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясына жіберілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Сайлау комиссиясының
төрайымы Г. Калиева
Сайлау комиссиясының
хатшысы К. Желдыбаева
Аққулы ауылы,
2022 жылғы 14 ақпан,
№ 16