Аққулы ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін босату туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағының 1, 3-тармақшасына сәйкес және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ұсынған өтініштері негізінде Аққулы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

І. № 338 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан келесі комиссия мүшелері шығарылсын:

  1. Куаныш Кабдулхамитович Нургалиев, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жеріне көшуіне байланысты.
  2. Валентина Геннадьевна Пестова, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жеріне көшуіне байланысты.
  3. Макпал Сериковна Кусаинова, өз еркімен шығарылсын.

 

Негіздеме: 2022 жылғы 14.02. № 3 хаттама.

ІІ. Осы шешім Аққулы ауданының мәслихатына жіберілсін.

 

 

Сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                    Г. Калиева

 

 

Сайлау комиссиясының

          хатшысы                                                                      К. Желдыбаева

 

Аққулы ауылы,

2022 жылғы 14 ақпан,

№ 12

 

Дата публикации
14 февраля 2022