«Конституциялық құқық: сайлау және сайлану»

Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдер 2005 жылы Будапештте сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтеді.            Малыбай жалпы орта білім беретін мектебінде №339 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Н. А. Шалабаева 10-11 сынып оқушыларымен «Конституциялық құқық: сайлау және сайлану» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.              Төрайым оқушыларға сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясының қызметі мен тәртібімен таныстырды. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты сұрақтар қойды.            Шақа ауылдық кітапханасында №345 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы 10-11 сынып оқушыларымен кездесуі өткізді. №345 УСК төрағасы Б.Ш. Алдажаров оқушыларға сайлаудың не екенін айтып, ұйымдастыру мен өткізудің негізгі тұстарына, қай жастан бастап дауыс беруге қатысуға болатынына тоқталды. 

Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 февраля 2022