Аққулы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

Аққулы ауданының әкімдігі

ҚАУЫЛЫ

 

Аққулы ауылы                                  №                     2022 жылғы «__» _________

 

Аққулы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан    Республикасының   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына  және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен бекітілген, коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу  нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес  Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аққулы ауданы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары  Р.С. Тастамбековке жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                         Аудан әкімі                                           А. Балғабаев

 

 

Дата публикации
04 февраля 2022