
Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен жергілікті атқарушы орган сайлау заңнамасы бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын жасап, бекітті. Жоспар бойынша Бесқарағай ауылында Бесқарағай жалпы орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары арасында Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Д. С. Бейсенбаевпен «Сайлау және сайлану конституциялық құқығы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуді №335 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ұйымдастырып, өткізді. Мектеп кітапханаларында көрмелер, «Сайлаушының Азбукасы», «Мен-сайлаушымын» тақырыптарында ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылды.Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы