Аудан әкімдігінің
ҚАУЛЫСЫ
Аққулы ауылы №____ 2021 жылғы «__» ______
Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор
бөлімінің «Аққулы - су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Азамматтық кодексінің 42 - бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Занының 18 - бабы 7) тармақшасына, 124 - бабына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімінің «Аққулы - су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі «Аққулы - су арнасы» ШЖҚ МКК) құрылсын.
- «Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Аққулы - су арнасы» ШЖҚ МКК басқару органы болып белгіленсін.
- «Аққулы - су арнасы» ШЖҚ МКК қызметінің негізгі мәні халықты сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету болып белгіленсін.
- Осы қаулының 1 - қосымшасында көрсетілген бастапқы құны 190 675 351,00 (жүз тоқсан миллион алты жүз жетпіс бес мың үш жүз елу бір) 00 теңге болатын мүлік «Аққулы - су арнасы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталына салым ретінде берілсін.
- Қоса беріліп отырған Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімінің «Аққулы - су арнасы» ШЖҚ МКК Жарғысы бекітілсін.
- «Аққулы - су арнасы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталына салым ретінде берілетін мүлік осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес «Аққулы - су арнасы» ШЖҚ МКК құру кезеңіне жедел басқару құқығымен «Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
- «Аққулы ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
«Аққулы - су арнасы» ШЖҚ МКК - ның заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы уәкілетті тіргеуші органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2022 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Балғабаев