Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес, аудан әкімі аппараты басшысының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 1-06/14 бұйрығы негізінде «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі-Аппарат) қызметінде ағымдағы жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы жүргізді (жұмыс тобының құрамы қоса беріледі).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 12 сәуірге дейін.
Талданатын кезең: 2021 жылдың 1 тоқсаны.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету;
3) мүдделер қақтығысын реттеу;
4) рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру;
5) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Аққулы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 1-03/214 қаулысымен бекітілген Аққулы ауданы әкімінің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады (Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 1-03/239 қаулысымен аудан әкімі аппаратының Ережесіне ішкі талдау қорытындысы бойынша толықтырулар енгізілді, атап айтқанда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты 3 функция енгізілді).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы аппараттың құзыретін көздейтін заңнаманы зерделеді. Аппарат ережесін зерделеу барысында 33 функция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне талданды, оның барысында аппарат функциялары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келетіні анықталды.
Аппараттың қызметіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулер нәтижелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қамтылмаған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметіне қатысты жарияланымдар анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокурорлық қадағалау актілері және аппарат қызметіне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 21 адам, оның ішінде: 1 - әкім, 3-әкімнің орынбасары, 1-аппарат басшысы, 5-бөлім басшылары, 11 бас маман. Нақты саны 18 адам, 2 тұрақты бос жұмыс орны, 1 уақытша жұмыс орны.
Аудан әкімінің кеңесшісі Б. К. Хамзина және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Д. Е. Қамбарова басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды, таза ауысыммен жұмыстан шығарылғандар жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер штатының қысқаруына байланысты 2021 жылдың басынан бері конкурс жарияланған жоқ.
Аққулы ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша жер заңнамасын бұзғаны үшін аудан әкімінің орынбасары Р.С. Тастамбековке сөгіс түрінде 1 тәртіптік жаза қолданылды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ. Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар жоқ.
Мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш қабылданған қызметкерлер ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тексеруден өтеді, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау жөніндегі жазбаша міндеттемелер ресімделеді. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет кіргендердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақытылы тапсыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
Талданып отырған кезеңде жақын туыстарының (ерлі-зайыптылардың, жекжаттардың) бірге қызмет ету фактілері, қабылданған шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын зерделеу кезінде жұмыс тобы жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 7-тармағына сәйкес «мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға жол берілетінін» анықтады. Бірінші басшының көмекшісі, кеңесшісі, сондай-ақ баспасөз хатшысы лауазымдары мемлекеттік әкімшілік лауазымдар болып табылады, осы санатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық кепілдіктер де қолданылады. Сондықтан, осы санаттағы адамдар үшін белгілі бір лауазымға орналасуға қойылатын барлық талаптар қолданылуы керек. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі-бұрын мемлекеттік қызметті тоқтатқан адам оны тоқтатқаннан кейін, бірақ мемлекеттік қызметте белгілі бір жұмыс өтілі болған жағдайда конкурстық рәсімдерден (тестілеуден, әңгімелесуден) өтпей-ақ бірінші басшының көмекшісі, кеңесшісі, баспасөз хатшысы лауазымдарына орналасуға құқылы. Жұмыс тобы бірінші басшы қандай да бір лауазымға өзінің қалауы бойынша тағайындай алатындығында сыбайлас жемқорлық тәуекелін қарады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 17-бабының 4-тармағына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктері ескеріле отырып әзірленеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде бекітеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарында білімі, атап айтқанда мамандығы бойынша талаптар жоқ. Демек, мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік талаптар негізінде қандай да бір лауазымға біліктілік талаптарын бекіту кезінде қандай да бір лауазымға тән емес кез келген мамандықты қоса алады, сондай-ақ осы лауазымға сәйкес келетін мамандықты қоса алмайды, бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Баяндалғанның негізінде, аудан әкімінің аппаратына Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментіне анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хат жолдау ұсынылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, әкім аппараты азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 8 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
2021 жылдың 1 тоқсанында барлығы 131 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: АЖ - 48, ЭҮП-26, Мемлекеттік корпорация-57.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында көрсету мерзімдерін бұзу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түспегені анықталды. Ағымдағы кезеңде аудан әкімдігінің ресми сайтында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен Мемлекеттік қызмет бойынша мақала жарияланды.
Бұдан басқа, бұрын сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу кезінде Лебяжі ауданының Аққулы ауданы болып қайта атауына байланысты «АХАЖ» ТП АЖ көрсетілетін қызметті берушінің атауы, оның ішінде аудан әкімі аппаратының атауы «АХАЖ» ТП ақпараттық жүйесінде өзгертілмегенін және «Лебяжі ауданы әкімі аппараты ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі» ретінде көрсетілетінін атап өткен жөн, осыған байланысты жұмыс тобы көрсетілетін қызметті берушінің өзекті емес атауы халыққа сапасыз электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге әкеп соғуы мүмкін. Баяндалғанның негізінде жауапты қызметкерлер Павлодар облысы әкімінің аппаратына ауданның атауын «АХАЖ» ТП жүйесінде қайта атауға жәрдем көрсету туралы хат жолдады. Бүгінгі күні «АХАЖ» ТП АЖ көрсетілетін қызметті берушінің атауы «Аққулы ауданы әкімі аппараты ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінде» деп көрсетіледі.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілері арасында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы туындауының ықтимал жағдайларының алдын алу мақсатында қызметкерлермен мүдделер қақтығысының мәнін, оны реттеу тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік шараларын түсіндіруге бағытталған консультациялық жұмыс жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу барысында келесі мүдделер қақтығысы анықталды. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабының 12) тармақшасына және аудан әкімі аппаратының Ережесіне сәйкес, жергілікті атқарушы орган тұлғасында аудан әкімі аппараты «12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді» атап айтқанда бұл функция мемлекеттік-құқықтық бөлімге жүктелген, сонымен қатар, осы бөлімге азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функция да жүктелген.
Демек, жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасын іске асыру кезінде мемлекеттік-құқықтық бөлім Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарын жасайды және аудан әкімі аппаратының басшысына бекітуге ұсынады. Бірақ бұл іс-шаралар жоспарына мүдделер қақтығысын болдырмау үшін мемлекеттік-құқықтық бөлім аудан әкімі аппаратымен көрсетілетін азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді қамтымайды.
Осыған байланысты, аудан әкімінің аппаратына:
аудан әкімі аппаратының құрылымын қарастыру, атап айтқанда ішкі бақылауға жауапты бас маманды мемлекеттік-құқықтық бөлімнің құрылымынан шығару.
Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру.
Аудан әкімінің аппараты туралы ережеде рұқсат беру функциялары жоқ.
Аудан әкімінің аппараты туралы ережеде бақылау функциялары қарастырылған. аппарат Аққулы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және 12-бапқа сәйкес 11) тармақшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функциялары бойынша әкім аппаратының құқықтары бар: өз құзыреті шегінде жер заңнамасын бұзу туралы хаттама жасау және қарау және бұзу үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығару; құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беруге; Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге құқылы.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жер пайдаланушыларға хабарлама жіберілмеді және әкімшілік хаттамалар жасалмады.
Прокурорлық қадағалау және өзге де тексеру актілері тіркелген жоқ.
Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
2021 жылдың 1 тоқсанында аудан әкімі аппаратына жеке (98) және заңды(11) тұлғалардан 109 өтініш түсті.
109 өтініш қаралды (7 - құзыреті бойынша қайта жолданды), оның ішінде түсініктеме берілді - 78, оң шешім қабылданды -31, өтініш берушінің өтініші бойынша-0 тоқтатылды. Өткен кезеңде өтініштерді қарау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.
«Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында аудан әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде 2 (Екі) сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде және ішкі бақылау іс-шараларын өткізу кезінде мүдделер қақтығысы бар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау негізінде мыналарды ұсынамыз:
Орындау мерзімі: 2021 жылдың 1 жарты жылдығының соңына дейін.
Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 мамырға дейін.
Аққулы ауданы әкімінің
аппарат басшысы Т. Кобайдаров
Жұмыс тобының мүшелері
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-
құқықтық бөлімінің басшысы А. Әлтаева
Аудан әкімі аппаратының
ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы А. Машрапов
Аудан әкімі аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету
және бақылау бөлімі басшысының
міндетін атқарушы М. Жүнісова
Аудан әкімі аппаратының
персоналды басқару бөлімінің
бас маманы