Аққулы ауданының №1, 4 округтік сайлау комиссиясының мүшелерін босату және тағайындау туралы

Аққулы ауданының №1, 4 округтік сайлау комиссиясының мүшелерін босату және тағайындау туралы

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6, 8-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Т. Л. Шопенованың (2026 жылғы 13 қазан) және А. С. Айдарханованың (2026 жылғы 14 қазан) өз еріктерімен міндеттерін атқарудан босату туралы берген өтініштері негізінде Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Татьяна Леонидовна Шопенованы және Айдана Санатбековна Айдарханованы Аққулы ауданының №1 және №4 округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
  2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Светлана Васильевна Коновалованы Аққулы ауданының №1 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып, ал Ақнұр Айдынқызы Балтабаеваны Аққулы ауданының №4 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын.
  3. Енгізілген өзгерістер туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарлансын.
  4. Осы қаулы Аққулы ауданының №1 және №4 округтік сайлау комиссияларына және Аққулы аудандық мәслихатына жіберілсін.

 

                                                     Комиссия төрағасы                                      Г. Қалиева

                                                     Комиссия хатшысы                                      С. Солтаниманова

Дата публикации
17 октября 2026