2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің жұмысы туралы есеп

1.Жалпы ережелер

 

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметтердің 2 түрін көрсетті:

  1. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;
  2. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру.

2025 жылы аудан әкімінің аппаратымен барлығы 108 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 108 жеке тұлғаға, заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 Халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 19-бабына сәйкес мүгедек адамдар үшін құқықтарды іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бірінші кезектегі қызмет көрсету қамтамасыз етілген, атап айтқанда, пандус, тактильді плиткалар, Браиль шрифті және мүгедектерге арналған шақыру түймесі.

Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында брошюралар таратылды, аудан тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. 2025 жылдың 12 айында 14 түсіндіру іс - шарасы өткізілді, халықты қамту-119 адамды құрады.

Халық арасында ақпараттық жұмысты арттыру мақсатында «Ашық әкімдік» жобалық кеңсесінің LED теледидарында мемлекеттік қызметтер мәселелері және электрондық қызметтерді алу тәсілдері туралы 90 бейнеролик орналастырылды.

           

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау

 

        2025 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

          Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі аудан әкімі аппаратының басшысының тұрақты бақылауында.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетіе қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

        Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау үшін 2026 жылғы бірінші тоқсанда көрсетілетін қызметті алушылардың, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есепті жария талқылауды өткізу жоспарланған.

          Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.

          2026 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Аққулы ауданы

әкімінің аппарат басшысының м.а.                                 А. Айтанова

 

 

Нысан

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі

көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы мәлімет

Шағымның мазмұны

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

0

0

0

0

0

0

0

 

Дата публикации
26 июня 2026