2025 жылдың 12 айында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Баспана Маркет Жылжымайтын мүлік порталы арқылы 57 мемлекеттік қызмет көрсетілген - бұл көтерме жәрдемақы- 50 маманға 19660,0 мың теңге сомасында (бір маманға 393200 теңге), бюджеттік кредиттер – 7 маманға 49100,0 мың теңге сомасында.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы шараларды алуға қандай құжаттарды ұсынуы:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
- жеке есеп шот туралы анықтама
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кредиттік бюродан есеп;
- кепіл мүлкін бағалау актісін;
- кепіл мүлкін сақтандыру шартын;
- тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кредиттік бюродан есеп.
- кепіл мүлкін бағалау актісін;
- кепіл мүлкін сақтандыру шартын;
- тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді.
Қағидаларда көзделмеген басқа да құжаттарды ұсынуға жол берілмейтіні түсіндірілді, сондай-ақ көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.