1.Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген Ережелері – 6.
2025 жылы Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 9 - жеке тұлғаларға, 2 – заңды тұлғаларға. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі 9, «Жер учаскесіннің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі 2.
Кеңінен сұранысқа ие болып табылатын мемлекеттік қызмет: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсетудің Ережелері орналастырылған, сондай-ақ мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген және мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін пандус пен шақыру түймесі бар.
Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 7 түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. Наурыз айында тікелей эфир өткізілді, жыл бойы өздігінен мемлекеттік қызмет алу туралы 6 түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды. Ауылдық округ аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша баннерлер орналастырылған.
Мәдениет үйінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, компьютерлік техникамен және интернетпен жабдықталған, электрондық қызметтерді алу тәсілдері туралы роликтер көрсетіліп тұрады.
жетілдіру жөніндегі қызмет
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы есептерді жария талқылау өткізілді.
2025 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдерін бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ, қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі ауылдық округ әкімінің тұрақты бақылауында.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау үшін округте 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына қызмет берушілердің, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында «Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есептерді көпшілік талқылауын өткізу жоспарланған. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.
2026 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Жамбыл ауылдық
округінің әкімі Н. Айтуғанов