Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
Аққулы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы
- Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
- Комиссия – Аққулы ауданы әкімдігі жанында құрылды.
- Қажет болған кезде Комиссия аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан ауылдық округ әкімінің жанынан құрылуы мүмкін. Ауылдық округ әкімінің жанындағы Комиссия аудандық Комиссияның құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Ауылдық округ Комиссиясын құру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды, ал дербес құрамын тиісті ауданның мәслихаты бекітеді.
- Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi Комиссия төраға, төрағаның орынбасары, Комиссия мүшелерi және хатшы құрамында құрылады. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқаратын ауылдық округ комиссиясын қоспағанда, әкімнің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары комиссия төрағасы болып табылады.Хатшы Аққулы ауданы әкімі аппаратында штаттық лауазымды атқарады.
- Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алуға мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
- Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырады.
- Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы