2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру
«СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы15 тамыздағы №18 бұйрығы менбекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстықалып тастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2027жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария талқылау 2026 жылғы 15 қазан мен 2026 жылғы 29 қазан аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі.
Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға) қабылданады timirozsp@sko.gov.kz) ауызша түрде де (тел. 87153721441), сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/org/ozsp-timirazevo/discussion-documents/details/1258?lang=ru
Анықтама телефоны: 87153721441
«Парыз2026 » әлеуметтік жауапкершілік бойынша «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша конкурстың жеңімпазы 1 орын «Сағат СК ЖШС Хмельницкое ауылы
«Еңбек жолы» байқауының«Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы
3 орынШайдуллиндер отбасы«Мичуринское ЖШС, Мичуринское ауылы
2026 жылдың 15 шілдеде FSM Social жүйесінде жұмыс шеңберінде Ақсуат, Белоградовка және Мичурин ауылдық округтарының мобильді топтарының мамандарымен кездесулер өткізілді, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Тимирязев ауылдық округінің мобильдік тобының жұмысы шеңберінде өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға бару жүзеге асырылады. Іс-шараға Жұмыспен қамту бөлімінің және Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты. Сапар барысында әлеуметтік көмек, мемлекеттік қызметтер алу және әлеуметтік қолдау шаралары мәселелері бойынша консультативтік және ақпараттық қолдау көрсетілді. Отбасы мүшелерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі. Отбасын сүйемелдеу бойынша жұмыс жалғасады.



2026 жылғы 5 мамырда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Е. Мұстафина, бас маман Н.В. Долинская Ақсуат орта мектебінде және «Астық Орда Север» ЖШС-де болып, онда еңбек саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 15 мамырда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Н.В. Долинская «Радуга» балабақшасына сондай-ақ жеке кәсіпкерлер еңбек саласы бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Е. Мұстафина Докучаев орта мектебінде болып, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Сондай-ақ мүгедектер үшін нысанның (кедергісіз орта) қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.