ЖБД ААЖ-да еңбек шарттарын тіркеу портал арқылы мүмкін болады Enbek.kz. Бұл қызмет ЖБД ААЖ-мен интеграциялау үшін өзінің ақпараттық жүйесі жоқ жұмыс берушілерге арналған.
Жұмыс беруші еңбек шартын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай үйесі» . Автомат тандырылған ақпараттық жүйесін детіркеуді жүргізеді.
Жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жұмыс беруші ЖБД –ға енгізуге тиіс.
Еңбек шартын тоқтату туралы ақпаратты жұмыс беруші ЖБД –ға еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Бүгінгі күні еңбек шарттарының бірыңғай қоймасы («еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі » Автоматтандырылға нақпараттық жүйесі, бұдан әрі ЕСЖТҚ ААЖ), еңбек шарттарын, еңбек шарттарына қосымша келісімдерді тіркеуге және еңбек шарттарын бұзуға арналған интеграциялық сервис, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен дербес деректерді сұрау жолымен қызметкердің жекеісін қалыптастырудың интеграциялық сервисі құрылды.
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңға сәйкес электрондық құжатайналымы жеке және заңды тұлғаларар асында жүргізілуі мүмкін. Электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған ақпарат электрондық құжаттың дұрыстығына, оның тиесілілігіне және мазмұнының өзгермейтіндігіне кепілдік беретін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Толық ақпарат электрондық еңбек биржасы порталында орналасқан (www.enbek.kz).
Жұмыс берушілерге еңбек шарттарын тіркеу жөніндегі Нұсқаулық сол порталда, «көмек»қойындысында орналасқан.
Сондай-ақ, СҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына +7 7152 36-17-86 т.бойынша, Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2-14-41 т. бойынша жүгінуге болады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі