Кәсіпорын қызметкерлері алдағы уақытта босатылған жағдайда, ҚР Әлеуметтік Кодексінің 103-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші:
мансап орталығына (еңбек ұтқырлығы орталығына) жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс берушінің таратылуына байланысты қызметкерлердің алдағы босатылуы туралы ақпаратты жазбаша немесе электрондық еңбек биржасы арқылы толық көлемде беруге – жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соқтырған өндірістер мен орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюы, жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі мен еңбегіне ақы төлеу мөлшері және олар босатылатын мерзімдер көрсетіле отырып, оларға қол тигізуі мүмкін жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы босату басталғанға дейін бір айдан аз уақыт бұрын;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 98-бабына сәйкес жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.
Мәліметтер Тимирязев ауданының Карьер орталығына Ш. Уәлиханов көшесі, 17 (ҚКО ғимараты) мекенжайы бойынша ұсынылады, e-mail: centrzanyatostitim@mail.ru
Толық ақпаратты 2-18-00, 2-11-10,2-14-41 телефондары арқылы алуға болады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі