«Әлеуметтiк кәсiпкер» мәртебесiн қалай алуға болады?

Үкiмет халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қолдау, сондай-ақ шағын және орта бизнестi дамыту мақсатында әлеуметтiк кәсiпкерлiк бастамаларды ынталандыру қағидаларын әзiрледi (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 9 қарашадағы № 795). Қағидалар инфрақұрылыммен қамтамасыз етудi, гранттық қаржыландыруды, кредиттер мөлшерлемелерiн субсидиялауды, мүлiктiк қолдауды, салықтық ынталандыруды, оқытуды және ақпараттық қолдауды көздейтiн әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын көздейдi.

«Әлеуметтiк кәсiпкер» мәртебесiн алу үшiн мүдделi тұлғалар келесi критерийлердiң бiрiне сәйкес келуi керек:

  • азаматтардың әлеуметтiк осал санаттары үшiн қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 50% мөлшерiнде сапалы жұмыс орындарын құруға;
  • сатудан түсетiн кiрiс кәсiпорынның жалпы табысының кемiнде 50%-ын құрауы тиiс халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына арналған тауарларды шығаруға;
  • әлеуметтiк қызметтердi, сондай-ақ денсаулық сақтау, бiлiм беру, тәрбиелеу, мәдениет және спорт саласындағы қызметтердi көрсетуге.

Көрсетiлген талаптардың бiреуiн орындаған жағдайда жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзiлiмiне енгiзу мүмкiндiгiн алу үшiн Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне 2-16-49 телефоны бойынша кеңес алулары қажет.

Дата публикации
22 декабря 2023