"Еңбек жолы 2026" республикалық байқауының басталғаны туралы

«Еңбек жолы – 2026» республикалық байқауы басталды

«Еңбек жолы» байқауының мақсаты:

  1. ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

  2. еңбек адамдары туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерінің қалыптасуына жағдай жасау;

  3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі еңбек үлесін қосқан отандастарымыздың жетістіктеріне қазақстандықтардың мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

  4. жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту;

  5. қоғамдағы Еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

Байқауға барлық кәсіпорындардың қызметкерлері (саласына қарамастан) қатыса алады.

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, мүшелер саны ең көп және марапаттары мол еңбек әулеті анықталады;

  2. «Өндірістің үздік жас қызметкері» – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді әрі еңбекқор өндіріс қызметкері анықталады;

  3. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын ең жоғары нәтижелі тәлімгер анықталады.

Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 15 маусымға дейін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. номинация көрсетілген еркін нысандағы қатысу туралы өтініш;

  2. жеке куәліктің көшірмесі;

  3. номинация тақырыбы бойынша ұзақтығы 1–3 минуттық бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орнын және кәсіби дағдыларын көрсетуімен);

  4. конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығушылықтары, хоббиі және т.б.) ұзақтығы 1–3 минуттық компьютерлік презентация (Microsoft PowerPoint форматында);

  5. еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе қызметкердің еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың жұмыс беруші куәландырған көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама;

  6. жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Қосымша ретінде (бар болған жағдайда) келесі құжаттардың көшірмелері ұсынылады: мемлекеттік немесе ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары, алғыс хаттар, біліктілікті арттыру сертификаттары.

Байқау туралы толық ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нен немесе 2-14-41 телефоны арқылы алуға болады.

Дата публикации
08 июня 2026