
2024 жылғы 16 мамырда үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің мамандары: үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі А.И.Иргалиева, арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер А.П.Зинова әлеуметтік қызметкерлердің учаскелеріне бақылау мақсатында Қызыләскер, Новомихайлов, Воскресенов (Становое) ауылдық округтеріне барды.
Әлеуметтік қызметкерлер үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді: Прелгаускене А.Г. (Қызыләскер ауылы) 4 қарт азамат, Лоренц А.Н. (Новомихайловка ауылы) 5, Мешалкина Г.Р. (Становое ауылы) 5. Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына, АӘК көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес әлеуметтік қызметкерлермен ұсынылады.
Тексеру барысында қызмет алушылар, әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсету кестесіне сәйкес өз учаскелерінде болды. Зейнеткерлер жұмыстарына риза.