«СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпараты.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетушінің қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық әрі шынайы ақпаратты қолжетімді түрде ұсыну міндетіне сәйкес бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд рәсімделген (мемлекеттік қызметтердің сапасына жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық, әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігінің өзара байланысын көрсететін схема, сенім телефондары және т.б.). Әрбір қызмет түрі бойынша папкалар дайындалып, онда стандарттар, сондай-ақ өтініш үлгілері мен қызметтерді рәсімдеуге қажетті құжаттар орналастырылған. Бөлімде күтуге арналған орындықтар мен шақыру батырмасы бар. Мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін пандус орнатылған.

Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін Брайль қарпімен ақпарат орналастырылған (Брайль қарпі – француз тифлопедагогы Луи Брайль әзірлеген, зағип жандарға арналған рельефті-нүктелік жазу және оқу жүйесі).

Басшының қабылдау бөлмесінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар, баннер ілінген, жеке куәліктерге арналған ЭЦҚ-мен картридер орнатылған, бұл азаматтарға электрондық үкімет қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың шағымдарын тіркеу журналы жүргізіледі, сапасыз қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі – ашықтық тетіктерін дамыту: қызметтерді цифрландыру, шешім қабылдаудағы объективтілік, нормативтік талаптардың сақталуын қатаң бақылау. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 17 мемлекеттік қызметті электрондық форматта көрсетеді (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу, әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу, еңбек мигранттарына рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу және т.б.). Жаңа электрондық өзара іс-қимыл құралдарын енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, рәсімдерді жылдам әрі ыңғайлы етеді, сондай-ақ мүмкіндігінше адами факторды болдырмайды. Жыл басынан бері 499 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде: 2025 жылы «Знамя труда» аудандық газетінде 8 материал жарияланды. Сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда бөлім мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тікелей эфирлер өткізеді – жыл басынан бері 14 материал жарияланды. Бөлімнің сайтында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының өзекті нұсқалары орналастырылған.

Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Дата публикации
20 апреля 2026