«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты» (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және бөлім басшысының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету барысында туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін білдіреді.
  2. Стандарт «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын орнықтыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтап, олардың жағымсыз салдарының алдын алуға арналған.
  3. Стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:
  • заңдылық;
  • ашықтық;
  • этикалылық;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеу.
  1. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және олардың органдарының шешімдерімен байланысты болмайды.
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы (оның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы) шеңберінде мемлекеттік қызметшілер:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында қамтамасыз етеді:

 азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде бюрократизм мен волокитаға жол бермеуді;
          азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырудың барынша қысқа мерзімде жүзеге асырылуын;
          мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетуді;
          қызмет алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері немесе өзге де жағдайларға қарамастан тең қолжетімділікті;

жол берілмейді:

 азаматтың өтінішін қарауды объективті шешім қабылдауға мүдделі емес деп негізді пайымдауға болатын тұлғаға жүктеуге;
          шағымды берген адамға зиян келтіру немесе оның мүддесі үшін берілген шағым бойынша кері әсер ету жағдайларына;
          өтініште әрекеттеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдарға өтінішті жолдауға;
          азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді олардың келісімінсіз жария етуге;
         өтінішке қатысы жоқ азаматтың жеке басы туралы деректерді талап етуге.

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау барысында қамтамасыз етеді:

 құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды адамдардың құзыреттерінің нақты ажыратылуын және үйлесімді жұмыс істеуін;
         лауазымдық өкілеттіктерді орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулықтарды шығаруға жол бермеуді;
        меритократия қағидаттарын сақтауды;
        қабылданатын шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершілікті.

3) нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау кезінде қамтамасыз етеді:

 нормативтік құқықтық актіні тек Қазақстан Республикасының заңнамасында оны қабылдау құзыреті тікелей көзделген жағдайларда қабылдауды;
         азаматтардың құқықтарын іске асыруға қатысты шешім жобасын келісетін инстанциялар санын барынша азайтуды;
        сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді.

4) өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де қарым-қатынастарда:

 қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтайды және нығайтады;
         жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды сақтайды;
         азаматтардың әлеуметтік қорғау, еңбек бостандығы, қызмет және кәсіп түрін еркін таңдау құқықтарын іске асыруы үшін жағдай жасайды;
        жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру туралы тікелей немесе жанама басшыға хабарлайды;
        мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек пен жәрдемақылардың тағайындалуын қамтамасыз етеді;
        кәмелетке толған азаматтарға қатысты мемлекет тарапынан қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын орындайды;
        қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік жағынан осал топтарға әлеуметтік көмек көрсетеді;
         бағыныстылар арасында еңбек жүктемесін заңсыз бөлуге жол бермейді;
        дөрекілікке, ар-намысты қорлауға, әдепсіз және орынсыз мінез-құлыққа жол бермейді;
        өз қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.

  1. Басшы:

 өзінің мінез-құлқымен әділдік, бейтараптық, парасаттылық, кісі қадірі мен абыройына құрмет көрсету үлгісі болады;
            басшылықты жеке-дара өкімдік қызмет арқылы жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауап береді;
            бағынысты қызметкердің өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында туындаған мүдделер қақтығысын уақтылы шешу үшін барлық шараларды қабылдайды;
           сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасататын себептер мен жағдайларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдайды;
           бағыныстылармен құмар ойындарына қатысудан бас тартады;
           бағынысты қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйі мен олардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол бермеуі үшін дербес жауап береді.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйымдар:

 Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтауға кедергі жасамауға;
          таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты мүліктік немесе мүліктік емес пайда мен артықшылықтар алу мақсатында пайдаланбауға;
          сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын ашуда белсенділікке кедергі жасамауға;
          жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауға кедергі жасамауға;
          басшылыққа жеке адалдық, пайда немесе артықшылық алуға ұмтылу сияқты әрекеттерге жол бермеуге;
         бағыныстылардан олардың лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмаларды орындауды талап етпеуге.

Дата публикации
28 ноября 2025