Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 25/6 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінайқындау туралы» 2024 жылғы 29 сәуірдегі  № 25/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7753-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

          көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

          «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және қағидаларын айқындау туралы»;

          1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және қағидалары айқындалсын.»;

 көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

          «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы»;

3-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

келесі мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:

         «3-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

      1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

      2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

      бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

      бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

      4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

      6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

      7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

      8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

      10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»;

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      «3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
29 октября 2025