"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық және материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Бөліммен 16 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі, жыл басынан бастап 502 қызмет көрсетілді, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы–117 (23,3 %), Жұмыспен қамту орталығы арқылы-0 (0 %), Мемлекеттік корпорация арқылы – 97 (19,3 %), ЭҮП арқылы - 288 (57,4 %).
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсыну міндетіне сәйкес - бөлімде Мемлекеттік қызметтер көрсету стендісі ресімделді (мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жауаптыларды тағайындау туралы бұйрық, әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема, Сенім телефондары және т.б.). Қызметтердің әр түрі бойынша стандарттар орналасқан папкалар, сондай-ақ өтініш үлгілері мен қызметтерді ресімдеуге қажетті құжаттар ресімделді. Бөлімде күту креслолары мен қоңырау түймесі бар. Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус жабдықталған.
Көру қабілетін жоғалту мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Брайль шрифтімен ақпарат орналастырылған.(Брайль шрифті - француз тифлопедагогы Луи Брайль жасаған соқырларды жазуға және оқуға арналған бедерлі нүктелік шрифт.
Басшының қабылдау бөлмесінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы орналасқан, банер бар, ЭЦҚ бар жеке куәліктерге арналған картридер орнатылған, бұл азаматтарға е-үкіметтің қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың шағымдарын тіркеу журналы жүргізілуде, Мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсетуге шағымдар түскен жоқ. 2024 жылы бөлімнің Facebook парақшасында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 7 тікелей эфир және 8 жарияланым жарияланды. Бұл материалдар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ресми сайтында да жарияланған.