GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
30 сентября 2026
2026 жылдың 4-тоқсанына азаматтарды жеке қабылдау!

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ бөлім басшысы Азамат Қайыржанұлы Қасеновтың әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдайтынын халық назарына жеткізеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзу фактілері туралы хабарлау үшін 2-19-75 сенім телефоны жұмыс істейтінін хабарлайды.

17 августа 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы шаруа немесе фермер қожалығын не қордағы жерлерден ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру» конкурсын өткізу туралы Хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы

шаруа немесе фермер қожалығын не қордағы жерлерден ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру» конкурсын өткізу туралы

Хабарлама

 

Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының запастағы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын не Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру»конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: Конкурс 2026 жылғы «09» қазанда, сағат 09.00-де, Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 1, 3-қабат, әкімдік мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.

            Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 18 қыркүйек және 2026 жылғы 08 қазан аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді СҚО Тимирязев ауданының әкімдігі қабылдайды. Конкурстың аяқталу күні қорытынды шығару күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін-заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы үлесінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетілген өтініш беруші — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, үлестес тұлғалар туралы мәліметтер өтініш берушінің;

2) Жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтініш беруші үміткер жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда көрсетілген шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын не Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер, ауылшаруашылық өндірісі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде Қазақстан Республикасының жеке тұлғасының немесе мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген жағдайларды қоспағанда, беттері нөмірленген жабық конвертте тігілген түрде ұсынады.

Қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, өтінімде және конкурстық ұсыныста жолдар арасында ешқандай кірістірулер, түзетулер немесе жазбалар болмауы керек.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс» және «бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі: «_» _________ (нақты күні көрсетіледі).

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.

Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады.

Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

 

 

 

 

 

Қосымша 1 парақта.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы

шаруа немесе фермер қожалығын не қордағы жерлерден ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру» конкурсына қойылатын жер учаскелерінің алдын ала тізбесі

 

Лот №

Жер учаскеде № (өрісте)

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (жер құрамы және түрлері)

Ауданы, га

Бонитет балы

Мерзімі жалға алу, жылдар

Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығынан орташа қашықтық)

1

№ 22/15, 22/10,7

Жалпы ауданы 32,7 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 25,7 га, батпақтар 7 га

32,7 га

57,6

10 жыл

Ақсуат ауылдық округі (25 км)

2

№ кос 2/20,6

Жалпы ауданы 20,6 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 20,6 га

20,6 га

31,1

10жыл

Ақжан ауылдық округі (20 км)

3

№ кос 5/53

Жалпы ауданы 53 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 53 га

53 га

31,1

10 жыл

Ақжан ауылдық округі (25 км)

4

№ Т 23 лош/233

Жалпы ауданы 233 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 233 га

233 га

32,3

10жыл

Белоградов ауылдық округі (40 км)

5

№ О-11,12 203,7

Жалпы ауданы 213 га, табиғи жайылымдар 203,7 га, бұталар 9 га, жолдар 0,3 га

213 га

32,3

10жыл

Белоградов ауылдық округі (40 км)

6

№ г 1-3 кор/191, 6/23, кос 1/17

Жалпы ауданы 283 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 231 га, бұталар 50 га, жолдар 2 га

283 га

32,3

10жыл

Белоградов ауылдық округі (40 км)

7

№ XI/29,4

Жалпы ауданы 29,4 га, оның ішінде егістік 29,4 га

29,4 га

57,0

10 жыл

Интернационал

ауылдық округі (60 км)

8

№ 4-2/130

Жалпы ауданы 131 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 130 га, жолдар 1 га

131 га

29,1

10жыл

Мичурин ауылдық округі (65 км)

9

№ 1-2/183

Жалпы ауданы 184 га, табиғи жайылымдар 183 га, жолдар 1 га

184 га

29,1

10жыл

Мичурин ауылдық округі (65 км)

10

№ 2/160, 16/32, 3/157, 4-1/78

Жалпы ауданы 429 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 427 га, жолдар 2 га

429 га

29,1

10 жыл

Мичурин ауылдық округі (65 км)

 

Барлығы

Жалпы ауданы 1608,7 га, оның ішінде егістік 29,4 га, табиғи жайылымдар 1507,0 га, бұталар 59,0 га, батпақтар 7,0 га, жолдар 6,3 га

1608,7 га

 

 

 

02 июля 2026
 2026 жылғы 3 кварталындағы жағдай бойынша Тимирязев ауданы бойынша бос жер учаскелерінің болуы туралы
 2026 жылғы 3 кварталындағы жағдай бойынша
Тимирязев ауданы бойынша бос жер учаскелерінің болуы туралы
АҚПАРАТ
                 
№ п/п Аудан Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округі) Учаскелердің саны Жалпы ауданы, га оның ішінде
егістік тыңайма жайылым шабындық
1 Тимирязев Тимирязев 3 108     108  
Белоградов 5 826,4     764,5  
Целинный 1 32,7     25,7  
Тимирязев ауданы бойынша барлығы: 9 967,1 0 0 898,2 0
Мемлекеттік қызметтер
01 июля 2026
Азаматтарды жеке қабылдау!

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ бөлім басшысы Азамат Қайыржанұлы Қасеновтың әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдайтынын халық назарына жеткізеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», әСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралыә Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзу фактілері туралы хабарлау үшін 2-19-75 сенім телефоны жұмыс істейтінін хабарлайды.

14 февраля 2025
Видеоролик о информационной безопасности

22 декабря 2023
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұсыну тек электрондық форматта жүзеге асырылатынын хабарлайды. Қағаз тасығыштағы өтініштер мемлекеттік қызмет электрондық түрде іске асырылмаған жағдайда ғана қабылданады.

Біздің Орталықтардағы Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына кіру де тоқтатылады.

Бұдан басқа, салық төлеушілердің және Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының барлық мәселелері бойынша, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, қойылған хабарламалар, есеп айырысу шоттарын ашу/жабу, жергілікті салықтар есептелген, пайда болған берешек, қызметті тоқтату және басқа да салық және кеден міндеттемелері бойынша консультациялар өткізу үшін облыстың барлық аудандық және Петропавл қ. мемлекеттік кірістер органдарында Байланыс орталықтарын құру туралы шешім қабылданды. Сондықтан біздің облыс тұрғындарымызды ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына бармай, қызықтыратын сұрақтарға қашықтықтан жауап алуды сұраймыз.

Байланыс орталығы қызметкерлерінің тізімі ҚР ҚМ МКК (http://kgd.gov.kz), ҚР ҚМ МКД (http://sko.kgd.gov.kz) сайттарында, Департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Осы шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

СҚО бойынша МКД

22 декабря 2023
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНДЕГІ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Құрметті салық төлеушілер!

«Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықтың тікелей байланысын азайту және короновирус жұқтырудың ықтимал жағдайларын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдады.

Солай, заңды және жеке тұлғалар үшін өтінішті ұсынбай, салық есептілігін электрондық түрде табыс еткен жағдайда, салық есептілігі нысандарын табыс ету мерзімдерін 2020 жылғы 30 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл норма салық есептілігінің мынадай нысандарына қатысы:

  1. корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандары);
  2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандары);
  3. жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысаны);
  4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысаны);
  5. қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы жөніндегі декларация (870.00 нысаны);
  6. жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысаны);
  7. тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша декларация (912.00 нысаны);
  8. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысаны).

Камералдық бақылау жүргізу бөлігінде уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды:

  • хабарламаларды қолма-қол тапсыру;
  • камералдық бақылау хабарламаларына жауаптар/түсініктемелер (оның ішінде хабарламалардың басқа түрлері бойынша) барынша электронды түрде ұсыну қажет.
  • камералдық бақылау хабарламасының орындалмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімін ауыстыру.

Салықтық және кедендік тексерулер бөлігінде.

  • өткізілетін салықтық және кедендік тексерулер тоқтатылады;
  • ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер бойынша тексерулер 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылады.

Құрметті салық төлеушілер Сіздерді уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Толығырақ ақпарат СҚО бойынша МКД сайтында және әлеуметтік желілерінде орналасқан:

http://sko.kgd.gov.kz,

https://www.facebook.com/sko.kgd.gov.kz/;

https://vk.com/public102469003;

https://twitter.com/DGD_SKO;

https://www.instagram.com/dgdsko/

22 декабря 2023
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі конкурс жариялайды.

Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2020 жылы 28 мамырда 15 сағат 00 минутта Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уалиханов көшесі, 1 мекен-жайы бойынша Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында 1-қабатта әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.

Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 05 мамырдан бастап 2020 жылғы 27 мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «жылғы _» «_» дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Жеңімпаз қабылдаған конкурстық ұсыныста көрсетілген міндеттемелер ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуына Жер кодексінің 43-1-бабының 20-бабына сәйкес жүргізілетін мониторинг барысында тексеріледі.

Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 28 мамырда шығарылады.

Конкурстық өтінімдер «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ 2020 жылғы 27 мамыр сағат 18.30-дан кешіктірмей мына мекен-жай бойынша: 151100, СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 1 үй қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы