«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 7) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 23/3 «Тимирязев ауданын басқару сызбасы туралы» шешімі негізінде, Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі.
Тимирязев ауданының әкімі Е. Жаров
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «__» __________
№ ___ қаулысына
1-қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер Бөлімге ішкі саясат және мемлекеттік басқару саласындағы кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда, Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы заңнамада өзгеше көзделмесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, халықтың бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Тимирязев ауданының атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
3) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің,, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
4) Тимирязев ауданында Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
5) азаматтық қоғам институттарымен, аудан жұртшылығының өкілдерімен өзара әрекеттесу.
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
құқылы:
1) өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдардан ақпарат сұратуға, Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) Тимирязев ауданының әкiмiне iшкi саясат саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, Бөлімнің құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық, талдамалық және өзге де материалдар дайындайды;
3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға Бөлімнің қызметінің саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
4) Бөлімнің құзыретіне жататын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
5) стратегиялық, операциялық жоспарларға, сондай-ақ Бөлімнің жұмыс жоспарларына сәйкес іс-шараларды жүзеге асыруға;
міндеттері:
1) Бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ облыстық және аудандық атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
2) Бөлімнің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық көмек көрсетуге.
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау саласында, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша қызметтерді ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
2) ішкі саяси тұрақтылықты, халықтың бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін жүзеге асыру;
3) өңірдегі ірі әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету;
4) атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы қызметі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру және насихаттау бойынша ауданда республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар ақпараттық-насихаттау топтарының (ант) қызметін ұйымдастыру;
6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және өзге де қоғамдық ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара әрекетті жүзеге асыру;
7) Бөлімнің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің қызметін қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін зерделеу, насихаттау және біркелкі қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
9) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне мониторингті ұйымдастыру, социологиялық зерттеулер жүргізу;
10) облыста мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін заңнаманы сақтау бойынша мониторинг, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу;
11) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен, аудан әкімінің аппаратымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен Бөлімнің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
12) азаматтарды және мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихатқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүзеге асыру.
3- тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Аудан әкімдігінің бекітуіне Бөлім туралы ережені, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады;
2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады;
3) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Еңбек заңнамасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлерді көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді, Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
6) Өз құзыреті шегінде Бөлім қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулар шығарады;
7) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлім атынан өкілдік етеді;
8) Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік беру туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
9) Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «__» __________
№ ___ қаулысына
2-қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Аудандық мәдениет үйі» жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс кіргізетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері
1) мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуіне бағытталған мемлекеттік саясатын тиімді жүзеге асыруы, мемлекеттік және Қазақстан халқы басқа тілдерінің қарқынды дамуы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) ауданда мұражай ісінің дамуы;
3) халықтың мәдени демалысына, адамгершілік тәрбиесіне мүмкіндік туғызатын бейне-өнімдерін қолдануды ұйымдастыру;
4) ауданда бірыңғай мемлекеттік саясатының өткізуін қамтамасыз ету, тілдердің қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасын және оның аудандағы мәдени, әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің барлық салаларында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүзеге асыру бойынша облыстық және аудандық жоспарларын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының жүзеге асыру бойынша ауылдық әкімдіктердің, аудандық бөлімдердің және ведомстволардың қызметін үйлестіруі.
1) мемлекеттік мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан олардың құзырына кіретін сұрақтар бойынша сұрау;
2) ауданда музей ісін және халыққа кітапханалық қызметін көрсетуді қамтамасыз ету;
3) концерттік қызметін ұйымдастыруға және театр, көркем ұжымдар, жеке орындаушылардың гастрольдерін өткізуге қолғабыс ету;
4) көркемөнер ұжымдарын сақтау бойынша шараларды қабылдау, халық салт-дәстүрлерін насихаттау және зерттеу;
5) әкімнің шешім жобаларын және әкімдігінің қаулыларын, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аудандық бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысу;
6) Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметтерін орындау Бөлімнің және ведомствоға қарасты мекемелердің қаржыландыру жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асыру, қаржыландыру жоспарларының орындалуын талдау және ведомствоға қарасты ұйымдарға қаржылық мәселелерде тәжірибелік көмек көрсету, Бөлімнің бухгалтерлік есебін және қаржылық-шаруашылық есептілігін жүргізу; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
7) мәдениет мекемелерінің рухани құндылықтарын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша, олардың мәдени деңгейін арттыру бойынша шараларды қабылдау;
8) Мәдениет үйлерінің ведомстволығына қарастылығына қарамастан қызметтерін бақылау және үйлестіру, әдістемелік көмек көрсету;
9) мәдениет және спорт мекемелерінің желісін сақтау бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
10) фестивальдарды, конкурстарды, байқауларды, көрмелерді және дәстүрлерді өткізуді ұйымдастыру
11) музейде тұрған тарихи-мәдени және басқа құндылықтарды сақтауды бақылауды жүзеге асыру;
12) ведомстваға қарасты мекемелерде жоспар-қаржы жұмыстарын ұйымдастыру, мәдениет мекемелері желісін дамытудың перспективалық және жылдық жоспарларын құру, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет мекемелерінің штаттық кестелерін және сметасын бекіту, оларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
13) ведомствоға қарасты мекемелердің бастапқы есебін ұйымдастыру, құрама бухгалтерлік есептердің есептілігін алу және оларды жоғары тұрған органдарға уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.
1) мәдениет және тілдерді дамыту салаларында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін және тапсырмаларын орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша аудандық бағдарламаларын әзірлеу, аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау;
3) бөлімнің құзыретіне кіретін тиісті бөлімшелермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;
5) қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларының мәдени қамтамасыз етуін өткізу;
6) ұлттық-мәдени бірлестіктердің қатынастарын жүзеге асыру;
7) аудандық басқармалар мен ведомстволардан, жергілікті атқарушы билік органдарынан «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу мәселелері бойынша есептілікті, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты, мәліметтерді және басқа құжаттарды сұрату және алу;
8) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, аудандық мекемелерде, ведомстволарда мемлекеттік тілді енгізу бөлігінде тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу жай-күйін зерделеу;
9) тіл заңнамасын орындау, мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелерінде басқа мемлекеттік мекемелермен өзара байланыс жасау;
10) мәдениет мекемелерінің қаржылық жағдайын және материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша іс-шараларын жүзеге асырады;
11) ведомствоға қарасты мекемелерінің мемлекеттік және қаржылық тәртіптікті сақтауын бақылау;
12) ведомствоға қарасты мекемелердің кадрларын іріктеу, орналастыру және біліктілігін арттыру;
13) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) өз құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылайды;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, заңмен бекітілген тәртіпте марапаттау шараларын және тәртіптік жазаны қолданады;
3) сенімхатсыз Бөлім атынан әрекет жасайды, Бөлім үшін мүдделі белгілі әрекеттерді жүргізуге бөлімнің қызметкерлеріне өкілеттік береді. Бөлім өз қызметін жүргізу үшін өзіне тіркелген ғимараттарды, құрылымдарды, транспорт құралдарын пайдаланады;
4) басшы тікелей бағыныштағы мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың анықталған фактілеріне жеке жауапкершілікке тартылады;
5) басшы ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Бөлімнің мүлігі тыйым салынбаған жағдайдағы мемлекеттік мүлік туралы заңнамаларына сәйкес құрылтайшы берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан (қаржылай қаражатты қоса алғанда), сонымен қатар басқа мүліктен тұрады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату