Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету
саласында қоғамды əлеуметтік-саяси жаңғыртудың əлемдік үрдістері мен
логикасына сəйкес түбегейлі өзгерістер орын алуда.
Цифрлық экономикаға əкелетін сапалы өзгерістерге сəйкес маңызды
нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, халыққа мемлекеттік қызмет
көрсету процестері оңтайландырылды. Электрондық үкіметті, «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру жəне мемлекеттік
қызметтердің біртіндеп электрондық форматқа көшуі Қазақстанның əлемде
дамыған елдерінің қатарына қосылу жолындағы айқындаушы қадамдарының
бірі болды.
Мемлекеттік органдарды цифрландыру мемлекеттік қызмет көрсету
сапасын жетілдіруде жетекші рөлдердің бірін атқарады. Цифрландыру ел
мен экономиканы жаңғыртудың кілті ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік
қызметшілермен тікелей байланысты жою жəне бизнес-процестерді
автоматтандыру есебінен сыбайлас жемқорлық, бюрократия деңгейін
төмендету сияқты маңызды проблеманы шешу болып табылады. Бұдан
басқа, электрондық мемлекеттік қызметтердің артықшылығы оны көрсету
рəсіміне қоғамдық бақылаудың жеделдігі мен мүмкіндігі болып табылады.
Мемлекеттік басқаруға цифрландыруды енгізудің тағы бір мақсаты
жұмыс процестерін интеграциялау жəне оңтайландыру, деректер мен
ақпаратты тиімді басқару, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер
көрсету көлемін ұлғайту болып табылады.
Еліміздегі цифрландырудың негізгі реттеушісі 2017 жылғы 12
желтоқсандағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы болды. Бағдарламаға
сəйкес, 2022 жылы электрондық форматта алынатын мемлекеттік
қызметтердің үлесі қызметтердің жалпы көлемінің 80% - дан астамы
мөлшерінде қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізілімінің жалпы санынан алғанда
90-нан астам көрсеткіш электрондық форматқа көшірілді. Мемлекеттік
қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы ғана емес, мобильді
құрылғы арқылы да алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың тағы бір құралы 2022
жылы Президент қол қойған «Мемлекеттік аппарат қызметін
бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық болып табылады,
оның негізгі қағидаттары болып нысаннан субъектінің басымдығы, əдепкі
цифрландыру, басқарушылық пен жауапкершілік, үздіксіз жетілдіру,
регламенттеудің оңтайлылығы айқындалған.
Бұдан басқа, Жарлықтың іске асырылуы мемлекеттік аппаратта
шешімдер қабылдауды жеделдетуді, мемлекеттік органдардың бірінші
басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыруды, құжат
айналымы мен есептілікті қысқартуды қамтамасыз ететін жүйелік жəне
қолданбалы шаралар кешені көзделген.
2023 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет
көрсетуді жақсартуға бағытталған бірқатар жаңалықтарды əзірледі. Атап
айтқанда, бас тарту көзделмеген рəсімдерге көшу, өтінішті алдын ала беру
жүйесін жəне құқықтық мирасқорлық пен өкілдік институттарын, көрсетілетін
8
қызметті алушының құқықтарын дереу қалпына келтіру жүйесін енгізу
көзделген.
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін жаңғырту жəне арттыру жəне
соның салдарынан азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
арттыру мақсатында мемлекеттік құрылымдарды қайта ұйымдастыру жүзеге
асырылады.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында бес жаңа министрлік
құрылды: ҚР Су ресурстары жəне ирригация министрлігі, ҚР Көлік
министрлігі, ҚР Өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігі, ҚР Мəдениет жəне
ақпарат министрлігі, ҚР Туризм жəне спорт министрлігі.
Жоғарыда көрсетілген барлық қайта құрулардың мақсаты мемлекеттік
қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады, бұл өз
кезегінде азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін айқындайтын,
халықтың оң үміттерін қалыптастыратын, елде жүргізіліп жатқан əлеуметтікэкономикалық жəне қоғамдық-саяси қайта құруларды қолдауды көрсететін
маңызды фактор болып табылады.
Мониторинг мемлекеттік құрылымдар тарапынан да, қоғамдық ұйымдар
тарапынан да жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау объектісі
болып орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың,
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық
округтердің əкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызмет көрсететін жеке жəне заңды
тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметтерді
есептеуге болады.
Қазіргі уақытта қоғамдық мониторингті жүргізудің дəстүрлі тəсілден басқа
(жаппай əлеуметтанулық жəне саясаттанулық сауалнама, «Құпия сатып
алушы» əдісімен зерттеу, терең сұхбат, фокус-топтық зерттеу) электрондық
үкімет порталында онлайн-форматта да жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуді
ұйымдастырушы болып табылады.
Мұндай зерттеулерді ұдайы жүргізу көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
сапасының өзгеру серпінін қадағалауға жəне мемлекеттік органдардың
жұмысын жақсарту бойынша ұсынымдар енгізуге, нақты уақыт режимінде
жергілікті тұрғындармен «кері байланысты» жүзеге асыруға, азаматтардың
заңдық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
2023 жылғы кезеңде Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметтер
көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нəтижелері туралы
ұсынылған есеп зерттеу барысында анықталған оң жəне проблемалық
сəттері бар мониторинг нəтижелерін, сондай-ақ халыққа мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі қорытындылар мен
ұсынымдарды айқындады.