Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру» бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2024 жылы «25» сәуір 09 сағат 00 минутта Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уалиханов көшесі, 1 мекен-жайы бойынша Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында 3-қабат әкімдік мәжіліс залында өтеді.