3-қосымша
Нысан
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтар тізбесі
|
№ |
МО |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқа жауабы |
Толық жауабы |
НҚА сілтеме |
Шешуші сөздер мен хэштегтер |
|
1 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
Өтініш беруші "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" қызметін алу үшін қандай құжаттар тізбесін ұсынуға міндетті? |
"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" қызметін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: - өтініш; - жер учаскесінің бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың (бар болса) өлшемдері көрсетілген болжамды бөлу сызбасы - жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі. |
1) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш; 2) жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың өлшемдері көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы; 3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелген. |
бөлінетіндігі, бөлінбейтіндігі |
|
2 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" қызметі қандай мерзімде көрсетіледі? |
Қызмет көрсету мерзімі құжаттардың толық топтамасы берілген күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күн. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелген. |
бөлінетіндігі, бөлінбейтіндігі |
|
3 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
Жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасын қалай алуға болады? |
Жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасын алу – бұл жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын мемлекеттік қызмет. Телнұсқа өтініш берілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде тегін беріледі. |
Жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасын алу – бұл жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын мемлекеттік қызмет. Телнұсқа өтініш берілгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде тегін беріледі.
Іс-қимылдардың тәртібі:
1.Қайда жүгіну қажет? Екі нұсқасы бар: • өз ауданыңыз/ қалаңыз бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсесі арқылы; • egov.kz онлайн порталы арқылы (Сізге порталда авторлану, қажетті мемлекеттік қызметті таңдау және өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет).
2. Қандай құжаттар қажет? Сізден тек жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасын беру туралы өтініш талап етіледі. Жеке басын куәландыратын құжатты, ЖК/ЗТ тіркеуді және учаске туралы деректерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік дерекқорлардан өзі сұратады
3. Қызметті көрсету мерзімі Өтініш тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде.
4. Қызмет құны: Тегін.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі не портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары |
Жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасы |
|
4 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
Егер ол құқықтық кадастрда тіркелген болса, жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасын қайдан алуға болады? |
Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын алу үшін, егер ол құқықтық кадастрда тіркелген болса, "Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалына жүгіну қажет. |
Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын алу үшін, егер ол құқықтық кадастрда тіркелген болса, "Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалына жүгіну қажет. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары |
жер учаскесін жалдау шартының телнұсқасы, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы |
|
5 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
Нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесінің меншік иесі мемлекетке қандай жағдайларда төлем жүргізуі тиіс? |
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде меншік иесінің жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын заңнамада көзделген жағдайларда бюджетке төлеуге міндетті екендігі белгіленген. |
Өзiндiк қосалқы шаруашылық, бағбандық жүргізу, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, осы Кодексте жер учаскелерін ақылы түрде беру көзделген өзге де мақсаттар үшін өтеусiз берiлген жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, осы Кодекстің 44-бабының 7-тармағында белгіленген шартпен елді мекеннің бас жоспарында көзделген объектілерді салу үшін берілген жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесiнiң меншiк иесi жер учаскесiнiң өзгерген нысаналы мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының заңында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын соманы бюджеттiң кiрiсiне төлеуге мiндеттi. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары |
нысаналы мақсатын өзгерту, мемлекетке төлеу |
|
6 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі қандай? |
Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. |
Бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес 8 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары |
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту |
|
7 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту үшін қандай тізбе қажет? |
- өтініш - электрондық жерге орналастыру жобасы. |
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қол қоюмен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;; 2) электрондық жерге орналастыру жобасы. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары |
Жерге орналастыру жобасын бекіту |
|
8 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
ЖТҚ үшін жер учаскесін алу кезегіне қалай тұруға болады? |
- Жер учаскесін алуға кезекке қоюға арналған өтініш |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
|
Жер учаскесін алуға кезекке қою |
|
9 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды. |
мерзімі өтініш түскен сәттен бастап 30 жұмыс күніне дейін. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары |
Жер учаскесіне құқықтар алу |
|
10 |
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ |
Қолданыстағы объектіге қызмет көрсету үшін жер учаскесіне құқық алуға қалай өтініш беруге болады? |
Жер учаскесіне құқық алу сұралып отырған жер учаскесіне бөлу схемасын өз бетімен қалыптастыра отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. |
Жер учаскелеріне құқық беру ""Республикалық маңызы барқала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында айқындалған. Қағидаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық. Жер учаскесіне құқық алу сұралып отырған жер учаскесіне бөлу схемасын өз бетімен қалыптастыра отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары |
Қолданыстағы объектіге қызмет көрсету үшін жер учаскесіне құқық алу |