Жер комиссиясы отырысының
2026 жылғы «9» қаңтардағы № 03-05/9
ХАТТАМАСЫ
Теміртау қ., Тәуелсіздік гүлзары, 12
Қарағанды облысы
уақыты: 16:00
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес келесі құрамдағы Комиссия:
|
Жер комиссиясының төрағасы:
|
Уманцев Андрей Юрьевич Теміртау қаласы әкімінің орынбасары комиссия төрағасы
|
|
Комиссия мүшелері:
|
Вейсалидзе Татьяна Викторовна «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
|
|
|
Кусенова Гульмира Нурмукановна «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Шабдыкеев Максат Тулубаевич «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Шим Дмитрий Валериевич Қалалық мәслихат депутаты |
|
|
|
|
|
Сембаева Арайлым Мусаевна Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының Теміртау қаласындағы филиалының директоры
|
|
|
Абдуллаев Кайрат Санымкереевич Теміртау қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
Быков Владимир Анатольевич Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету қауымдастығының президенті
|
|
|
Скамьянов Александр Владимирович Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйым өкілі
|
|
|
|
|
Комиссия хатшысы: |
Жунусова Айгуль Болатовна
|
Күн тәртібінде:
Мемлекеттік меншіктегі жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен шаруа және фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығындағы конкурстық өтінімдерді қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 43-1-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес конкурстық өтінімдер бойынша конкурстың қорытындыларын шығару.
Конкурсқа келесі № 1 лот қатысады:
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Саратовка ауылына баратын жол бойында –шаруа қожалығын жүргізу үшін, ауданы 100 га.
Конкурстық өтінімдер келесі адамдардан келіп түсті:
|
Өтінім № |
Лот № |
Конкурс қатысушылары |
|
1 |
1 |
«Фермер» ЖШС (Бударин Сергей Викторович) |
|
2 |
1 |
Бударин Александр Сергеевич |
|
3 |
1 |
Камысбаев Даулет Талгатович |
|
4 |
1 |
Келдибаев Мухтар Нурбердиевич |
Комиссия келіп түскен өтінімдерді қарап, сондай-ақ конкурстық ұсыныстарды бағалап, салыстыра отырып, шешім қабылдады:
Төменде көрсетілген қатысушы конкурс жеңімпазы болып белгіленсін:
|
№ |
Лот № |
Конкурс қатысушылары |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы |
Балдық бағалау нәтижесі |
Ескерту |
|
1 |
1 |
Бударин Александр Сергеевич |
Карагандинская область, город Темиртау, вдоль дороги на село Саратовка |
100 га |
30 |
--- |
Ескерту:
"Фермер" ЖШС (Бударин Сергей Викторович) өтінімі қабылданбады, өйткені ол Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейді, атап айтқанда, орналасқан жері, сондай-ақ заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер болуы тиіс.
№ 1 лот бойынша келесі өтінімдер бойынша балдар қойылды:
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабы 17-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімі екі жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешім қабылдау үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жіберіледі.