Жер комиссиясы отырысының
2025 жылғы «15» тамыздағы № 03-05/4
ХАТТАМАСЫ
Теміртау қаласы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабына сәйкес келесі құрамдағы комиссия:
|
Комиссия төрағасы:
|
Уманцев Андрей Юрьевич Теміртау қаласы әкімінің орынбасары комиссия төрағасы
|
|
Комиссия мүшелері:
|
Гомаров Ерлан Гомарович «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы |
|
|
Кусенова Гульмира Нурмукановна «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
|
|
|
Исенова Айганым Сагандековна «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы
Шим Дмитрий Валерьевич Қалалық мәслихат депутаты
Сембаева Арайлым Мусаевна Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Теміртау қаласындағы филиалының директоры
|
|
|
Абдуллаев Қайрат Санымкереевич Теміртау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы |
|
|
|
|
|
Быков Владимир Анатольевич Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету қауымдастығының президенті |
|
Комиссия хатшысы:
|
Скамьянов Александр Владимирович агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымның өкілі
Вейсалидзе Татьяна Викторовна
|
|
Өтінішті қарап: |
ұсыну мүмкін (емес) деп есептейді: |
шешім: |
|
Овсиенко С.Н. (қайтыс болған Г.М.Овсиенко үшін жүгіну құқығы бойынша) |
Комиссия өтінішті, ұсынысты қарап, тұрғын үйге қызмет көрсету үшін, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Ақтау кенті, Лумумба көшесі, 23/2 мекенжайындағы жер учаскесіне тегін, жеке меншік құқығын беру мүмкін (емес) деп есептейді. |
Мүмкін |
|
Ракишева Р.Е. |
Комиссия өтінішті, ұсынысты қарап, тұрғын үйге қызмет көрсету үшін, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Ақтау кенті, Ленин көшесі, 3 үй мекенжайындағы жер учаскесіне тегін, жеке меншік құқығын беру мүмкін (емес) деп есептейді. |
Мүмкін
|
Комиссия өтініш берушілерді ҚР Жер кодексінің 43-бабы 10-тармағына сәйкес жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар (жалға алу шарты, мемлекеттік акт және т.б.) берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейтіндігі туралы ескерту қажет деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының талаптарына сәйкес сұралған жер учаскелерін жеке меншікке беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі.
Осы Кодекстің 43-1 бабына сәйкес берілетін жер учаскелерін қоспағанда, жер комиссиясының оң қорытындысының қолданыста болу мерзімі ол қабылданған күннен бастап бір жылды құрайды. Бір жылдық мерзімге берілген босату қағазы жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдауына негіз болады.
Сондай-ақ Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Егер жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесі дайын емес алаңдарда жер пайдалану құқығында берілген жағдайларда, мұндай жер учаскесін игеру мерзімі оны тиісті инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылыммен қамтамасыз еткен кезден бастап есептеледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Жер учаскесі еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдаланыла алмайтын уақыт жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмайтын кезеңдерге кірмейді.
_________________ А. Уманцев
_________________ Е. Гомаров
_________________ Г. Кусенова
__________________ А. Исенова
__________________ Д. Шим
__________________ А. Сембаева
_________________ К. Абдуллаев
__________________ В. Быков
__________________ А. Скамьянов