Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – халық үшін қолайлылық және қолжетімділік

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – халық үшін қолайлылық және қолжетімділік

    

        Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің жергілікті атқарушы органдары халық үшін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға көп көңіл бөледі. Халықтың мемлекеттік органдардың жұмысына қанағаттану деңгейі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты.

        Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мемлекеттік қызметтерді 9 мемлекеттік орган көрсетеді. 2024 жылы халыққа 13 421 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық тәсілмен 11 003 немесе 82% қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы 1752 қызмет көрсетілді. Жұмыспен қамту, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы қызметтері халық арасында ең сұранысқа ие болып қала береді.

        Мемлекеттік органдар жұмысының басым бағыты халыққа электрондық көрсетілген қызметтердің үлесін арттыру болып қала береді, бұл әртүрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартады және халықтың цифрлық сауаттылығын арттырады. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алудың артықшылықтары туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғасады: «Көрсетілетін қызметті алушылар күні» атты 4 іс-шара, 3 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, әлеуметтік желілерде 30-дан астам тікелей эфир, 5 оқыту семинарлары өткізілді. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдарда «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істейді, онда қаланың әрбір тұрғыны мемлекеттік қызметті электрондық форматта ала алады. «Теміртау қаласының азаматтарды қабылдау орталығында» 200-ден астам адам мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша кеңес алды.

        Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар туындаған жағдайда, Теміртау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау бөліміне: 8(7213)92-21-81 телефоны арқылы хабарласу қажет.

       

 

 

 

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – халық үшін қолайлылық және қолжетімділік
Дата публикации
18 марта 2025