ЖОБА
Жер учаскесіне
жария сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабын, 69-бабының 4-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2024 жылғы 14 қазандағы № ЖТ-2024-05623301 өтінішін қарап, Теміртау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қосымшада көрсетілген сызбаларға сәйкес Қарағанды облысы, Теміртау қаласының жерінде орналасқан магистральдық байланыс кабелін күтіп-ұстау және қызмет көрсету үшін, жалпы ауданы 14,5815 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ғ. Әшімов