2023 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 12 мемлекеттік қызметті көрсетеді (жаңа тізілімге сәйкес).
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда барлығы 1 594 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту – 609 қызмет, оның ішінде: 417 - жеке/т және 192 –заңды/т ЭҮП арқылы көрсетілді.
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 136 қызмет, оның ішінде: 89 - жеке/т және 33 - заңды/т ЭҮП арқылы көрсетілді, мемлекеттік корпорация арқылы 8 – жеке/т және 6 заңды/т көрсетілді.
3) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру: 2 қызмет, оның ішінде: 0 – жеке/т және 2 заңды/т ЭҮП арқылы көрсетілді.
4) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру – 2 қызмет, оның ішінде: 1 – жеке/т және 1 заңды/т ЭҮП арқылы көрсетілді.
5) Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру (2-КЕЗЕҢ) – 40 қызмет, оның ішінде: 18 - жеке/т және 22 - заңды/т мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.
6) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 418 қызмет, 361 – жеке/т және 57 - заңды/т ЭҮП арқылы көрсетілген.
7) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 6 қызмет, оның ішінде қызмет көрсетуші кеңсесі (Теміртау қаласының әкімдігі) арқылы көрсетілгені: 5 – жеке/т және 1-заңды/т.
8) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру –2 қызмет, оның ішінде қызмет көрсетуші кеңсесі (Теміртау қаласының әкімдігі) арқылы көрсетілгені: 0 – жеке/т және 2-заңды/т.
9) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 103 қызмет, қызмет көрсетуші кеңсесі (Теміртау қаласының әкімдігі) арқылы көрсетілгені: 90 – жеке/т және 13 - заңды/т.
10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 199 қызмет жеке/т, оның ішінде: 199 - жеке/т және 0 - заңды/т, ЭҮП арқылы көрсетілген.
11) Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту – 50 қызмет, қызмет көрсетуші кеңсесі (Теміртау қаласының әкімдігі) арқылы көрсетілгені: 35 – жеке/т және 15 - заңды/т.
12) Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу - 27 қызмет, оның ішінде: 13 – жеке/т және 14 заңды/т ЭҮП арқылы көрсетілді.
«Теміртау қаласының жер
қатынастары бөлімі» ММ басшысы Е. Гомаров